«Жұмысшы мамандықтары жылы»  ауылға қажетті мамандарды тартуға ықпал ету қажет. Олжас Бектенов Үкімет отырысында осылай деді.  

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:  
Мемлекет басшысы   қоғамда еңбекқорлық пен   кәсіби құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығына тоқталып,  масылдық көңіл-күйден   арылу керек екенін атап өтті. Біз  нағыз еңбек адамдарын,   қарапайым жұмысшыларды,   еңбек әулеттерінің өкілдерін,   кәсіпорындардағы,   бизнес пен мемлекеттік сектордағы   тәжірибелі қызметкерлерді қолдауға тиіспіз.  Бұл – барлық мемлекеттік органдар мен   әкімдіктердің міндеті. ))