Түркістан қаласында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты. Олар жұмыс орындарының айналасын, шағынаудандардағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағын және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартты.
Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ардагерлер, депутаттар, басқармалар мен департамент қызметкерлірі және жастар қатысты. Іс-шара басрысында қаланың сырт аймақтары ретке келтіріліп, кәсіпкерлік нысандарының заңсыз жарнамалары алынып тасталды. Сондай-ақ әр мекеме өзінің территориясын тазалап шықты.
МҰХАН БАЙЫМБЕТОВ – МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
- Бізге бекітілген көшедегі осы көшенің тазалығы арықтардың ішіндегі қоқыстарды тазалау өте маңызды екенін білеміз. Сондықтан осы сенбілікке 80 жеке құрам сонымен қатар офицерлік құрам толығымен жұмылдырылған.
Тазалық жұмыстарымен қатар, ағаш көшеттері егіліп жатыр. Коммуналдық мекеме қызметкерлері 148 мыңнан астамын отырғызды. Ал «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында 5000 түп жеміс ағашының көшеттері егілді.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Одан бөлек жалпы есептегенде күзгі ағаш отырғызу бізде 77 мыңдай ағаш отырғызады. Бүгінгі таңда 40 мыңдай ағаш отырғызған. Оннан астам ағаштың түрлері бар. Бүгін Жібек жолы саябағында қаланың зиялы тұрғындары, ақсақалдар, ата-әжелеріміз белсене атсалысып 100 түптен аса ясин ағаш түрін отырғыздық.
Іс-шара барысында қала шетінде пайда болған 5 заңсыз қоқыс орындары жойылды. Шаһар жұрты белсенді. Апта сайын 2 мыңға жуық тұрғын жеке үйлері мен аулаларының алдын күл-қоқыстан аршып, тазалық жұмыстарын жасап жүр.