Сербияға сапармен барған Қазақстан Президентін ресми қарсы алу шарасы өтті.
 Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі елдің әнұрандары шырқалды, сондай-ақ он рет зеңбіректен оқ атылды. Бұдан кейін лидерлер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды. ((КСМ2)) Шағын құрамдағы келіссөздер кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев, көктемгі су тасқыны кезінде көмек көрсеткені үшін Александр Вучич пен Сербия халқына алғыс айтты. Сербия Президенті Белград Қазақстанмен экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін жеткізді.