3 адам қаза тауып, 1 миллиард теңгеден астам ақша жанып кетті. Төтеншеліктер өрттен болған шығын көлемін осылай есептеп отыр. Сала мамандарының айтуынша, мегаполистегі 15 жатақхана орталықтандырылған жылу жүйесіне әлі күнге қосылмаған. Бөлме ішін газ балон көмегімен жылытуға мәжбүр. Шарасыздықтан жасалатын қауіпті тәуекелдің түбі түрлі апатты жағдайға әкеп соғады дейді олар. Соңғы факт - Ақмола облысында орын алған қайғылы оқиға. Бірнеше күн бұрын жеті бірдей газ балонның көмегімен жылытылып келген Қорғалжын ауданындағы мешіт өртеніп кетті. Салдарынан үш адам қаза тауып, 16 азамат түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Осы және өзге де мәселелер баспасөз брифингінде айтылды.
ҚАНАТ  ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Биыл Шымкентте 273 өрт фактісі тіркелген. Қызыл жалын 3 адамның өмірін жалмап, 9 азаматты күйік шалған. Келтірілген материалдық залал көлемі 1 млрд теңгеден асады. Оқыс оқиғаның 53 пайызы тұрмыстық өрт жәйттері. Төтеншеліктер, негізгі себеп газбалондарын пайдалану, жылыту пештерін тексерістен өткізбеу және мұржа тазалығын ескермеу,- дейді.
 ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
  – «Не себепті өрт шығады? Эектр желілері уақыты келе тозады. Көбіне тұрғындар тозған сымдарды ауыстырмайды. Бір ток көзіне бірнеше токтарды тығады. Мұның салдары қысқа тұйықталу орын алып, өрт фактісіне алып барады.»  - 09:25 // 576_0993 //
 ҚАНАТ  ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Айтып келмейтін апаттың алдын алып, тілсіз жаудың жолын тосу мақсатында төтеншеліктер қала тұрғындарына ескерту жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік осал топ өкілдеріне баса назар аударып, 136 үйге газанықтағыш құрылғыларын орнатқан. 193 үйдің түтін мұржаларын тегін тазартып, сақтық шарашарын түсіндірген. Өкінше қарай кейбір қала тұрғындары төтеншеліктерді жатырқап, тексеріс жүргізуге рұқсат бермейді.
ЕРКІН ОТАРҒАЛЫМҰЛЫ, ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Егер де тұрғындар бізді үйлеріне кіргізіп пештерін не электр желілерін көрсететін болса, қандай ақау барын кәсіби тұрғыда түсіндіріп беруші еді.» -
Дайындықты пысықтап, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында қараша айында республикалық «ҚЫС 2024» оқу-жаттығу жиыны өтеді. Іс-шара шеңберінде 21 қараша күні таңғы сағат 10.00-де электр дабылдары іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жұмыстары жүргізілмек. Төтеншеліктер, қала тұрғындарынан құлақтандыру кезінде сабыр сақтап, түсіністік танытуларын сұрайды.