Ашығын айтсам, экономист басшылардың жұмысы көңіл көншітпейді. Олар әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруалары шамалы-ақ. Осылай деген президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында теңгенің құнсызданып, доллар бағамының күрт өсуіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, біздің ел валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқан. Президент теңгені күшейту үшін алтын-валюта қорын пайдалануды бос ысырапкершілік, - деп санайды. Сөзінше, қазір ұлттық банк пен үкімет мәселені жан-жақты зерттеп-зерделеу үстінде.
Ел ішінде "Қаңтар оқиғасының құпиясы толық ашылған жоқ" деген пікір бар. Журналистің осылай деп қойған сауалына мемлекет басшысы «тергеу ашық жүргізіледі», - деп жауап берді. Айтуынша, Президент құзырлы органдарға «Қаңтар оқиғасының» мән-жайын толық әрі шынайы тергеп-тексеруді тапсырған. Қасым-Жомарт Тоқаев: сол кезде тәртіпсіздіктерге дереу тосқауыл қойып, батыл әрекет жасамағанда, қазір Қазақстан дербестігі әлдеқайда шектеулі, мүлде басқа мемлекет болушы еді, - дейді.
ЕРЖАН КЕРІМБЕКОВ, Ө. ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЫ
– «Президенттің сөзімен атйар болсам бұл мемлекеттің мүддесін ойламайтын адамдардың әрекеті екенін айтып өтті. Әрбір азамат мемлекет мүддесі бірінші орында тұру керегін қағида етуі маңызды фактор.» - 02:34 // 554_3556 //
Мемлекет басшысы тұңғыш президент тұлғасын әділ бағалап, есіл еңбегін елеп-ескеру қажетін айтты. Сөзінше, ел тізгінін ұзақ ұстап, Қазақстанды басқарған жылдары Нұрсұлтан Назарбаев та қателескен, кемшіліктер жіберген. Алайда, ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев, экс-президенттің отставкаға кетіп, қызметін Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болып жалғаған тұста саяси сыпайылықты сақтамағанын айтып, сынға алды. Сөзінше, ол президент қызметінен кетсе де премьер-Министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізіп отырған.
Мемлекет басшысы АЭС салу мәселесіне де ерекше тоқталып, мән-маңызын ашып айтты. Саясаттанушы Сәкен Мәжінбеков Президент ойын қостайды. Оның ойынша, болашақта электр энергиясының тапшылығы жағадан алмауы үшін, әрекетті бүгін бастағанымыз құптарлық іс дейді.
СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ, САЯСАТТАНУШЫ
– «Қазақстанға қазір кемі 1-2 АЭС керек. Бұл бүгіннің мәселесін шешу үшін. Ал болшақта тағы салынуы қажет.» - 04:32, 04:56 – «Әлеуметтік желілерде диван батырлар бар: Ресей салады деп жұртты даурықтыратын. Бұл мәселе әлі шешілген жоқ» - 05:04 // 554_3525 //
Сондай-ақ Президент көлемді сұхбатында әлеуметтік даму, экономикалық өсім мәселелерін де жан-жақты талдап, өрлеу перспективаларын таныстырды.