Биыл балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту 95% ұлғайтылмақ. Үкімет жоспары осныдай. ((ГРАФИКА:)) Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік 260 балабақшада қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар жаңартылады. Сондай-ақ, балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына әдістемелік қолдау көрсету, бала күтіміне байланысты кеңес беру пунктінің саны 4  245-ке көбеймек. 500 мың бала қазақ тілін терең оқыту бойынша «Тілге бойлау» пилоттық жобасына қатысады. 2025 жылы еліміздің барлық өңірінде «Ақша баланың соңынан жүреді» қағидатына сәйкес ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілмек.   
1,3 МЫҢ АУЫЛ МЕКТЕБІН ҚАЙТА ЖАҢАРТУ КӨЗДЕЛГЕН))
 Ал, орта білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалардың 90 пайызын арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте жастан түзету шараларымен қамту көзделген. 1,3 мың ауыл мектебін қайта жаңарту көзделген. 80 колледждің материалдық-техникалық базасын жеке инвестицияларды тарту арқылы нығайту және жабдықтау, колледждерде 10 шағын кәсіпорын ашу жоспарланған.