Түркістан облысының әлеуетін арттырып, тұрмыс жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар жоба қолға алынған. Соның негізгісі инвесторларды тарту арқылы зауыт санын арттыру.
 Бұл жобалар мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, өңірді дамытып, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында қолға алынған. Қазір аймақта 3 зауыт іске қосылған. Әр ауданда ауылшаруашылық, инфрақұрылымды дамыту бағытында нақты жоспарлар бекітілген. Соның аясында экономикалық өсім де едәуір артып отыр. Жаңа әкімнің алғашқы жиналысында сондай-ақ аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына өздерінің функционалдық міндеттерін сапалы атқарып, жұмыс барысында оң көрсеткіштерге қол жеткізутапсырылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су үнемдейтін технологияны енгізу, суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, құрғақшылыққа төзімді дақылдар алқабын көбейту – уақыт талабы. Инфрақұрылымды жақсарту мәселесі және құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда болмақ. Мәжілісте облысты дамыту, барлық сала бойынша жүйелі жұмысты жалғастыру жолдары талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.
КОММ: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жүктеді. Ел Президенті мен Үкіметтің тапсырмаларын жоғары деңгейде орындауымыз қажет. Облысты дамыту мақсатында біз өндірісті өркендету, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашуға басымдық береміз