2025 жылы бір айлық есептік көрсеткіш - 3 932 теңге болып бекітілді. Салдарынан салық пен айыппұл көлемі өсті. Енді қоғамда жиі кездесетін заң бұзушылықтарға салынатын айыппұлдарды айтып өтсек...
Мәселен, азаматтар қоғамдық орында түкірсе, қоқысты белгіленбеген орынға тастаса 19 660 теңге айыппұл төлейді. Көршілеріне маза бермей, беймезгіл шулайтын адамдар да осындай ақшаға шығындалады. Бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса 39 320 теңге төлейді. Ал, көпқабатты үйдің тұрғындары қоқысты пәтердің алдына немесе кіреберіске қалдырса 78 640, қайталаса 117 960 теңге төлейді. КЕСТЕ2: Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға заң тіпті қатаң, 11 миллион 796 мың теңге айыппұл салынады. Қоғамдық орында балағат сөз айтқандар 78 640 теңге айыппұл төлейді я болмаса 30 тәулікке дейін қамалады. Жалпы, айыппұлдың өсуіне қатысты тұрғындардың пікірі қандай?