Мемлекет басшысы «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында қаңтар оқиғасына да тоқталып, сол кездегі мемлекетке төнген қатер мен салдарын баяндады. Биыл қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Дегенмен, сол қаңтардың салдары әлі де сезіліп отыр,- дейді сарапшылар. Әсіресе, мемлекеттің инвестициялық келбетіне кері әсері көп болған.
 Қаңтар оқиғасында 238 адам қаза тапты. Бұл орны толмас қайғы. 1 466 ғимарат бүлінген. Тәртіпсіздіктен келген экономикалық шығынның жалпы сомасы 3  млрд доллар шамасында. Бірақ, экономист-сарапшылар мемлекет үшін шығын бұдан бірнеше есе көп болды,- дейді.
  АЙБАР ОЛЖАЙ ЭКОНОМИСТ
«Қаңтар оқиғасының бізге кері әсері болды, ол шүбә келтірілмейтін аксиома. Себебі, біздің 2020 жылы кредиттік рейтингіміз қосуі керек еді. Қаңтар оқиғасынан кейін біздің кредиттік рейтингіміз 4 жыл бойы өскен жоқ».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында 2024 жылы Қазақстанның инвестициялық ахуалды жақсарту саласындағы жетістіктерін атап өтті.
 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Мемлекеттің инвестициялық ахуалды жақсарту жолындағы жұмысы жемісін беріп жатыр. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы инвестиция жөніндегі баяндамасын жариялады. Онда Қазақстанның 2024 жылы жаңа жобаларға 15,7 миллиард доллар көлемінде тікелей шетел инвестициясын тартқаны көрсетілген. Бұл оның алдындағы жылмен салыстырғанда 88 пайызға артық. Біз Солтүстік және Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отырмыз. Аймақтағы шетел инвестицияларының үштен екісіне жуығы, яғни 63 пайызы Қазақстанның еншісінде».
Тәртіп орнатуға және ахуалды тұрақтандыруға қатысты батыл шаралар қабылданды. Президенттің тапсырмасына сай құзырлы органдар қаңтар оқиғасының мән-жайын толық әрі шынайы тергеп-тексерді. Тергеу ашық жүргізіліп, қылмыскерлер жазасын алды. Қаңтар оқиғасынан кейін үш айдан соң парламенттік тыңдаудың алғашқысы ұйымдастырылып, ал екіншісі бір жылдан кейін өтті.

 ҮНЗИЛА ШАПАҚ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
«Әділ комиссия жұмыс жасады. Бұл жерде біз ерекше атап өтуіміз керек, президент өзінің берген сөзінде тұрды. Мен мұнығ әділ баға берілуіне кепіл боламын деді. Сондықтан, құқықтық комиссияларға құқықтық баға берілген кезде тек ғана құқық қорғау органдары жқмыс жасаған жоқ. Қауымдастықтан қоғамның өкілдері ішінен кіріп, қатысты. Әрбір жабылған, қамалған азаматтарға жеке-жеке қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары жетті негізі».
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
 «Мен былтырғы сұхбатымда 2024 жыл Қазақстан үшін айрықша маңызды жыл болатынын айтқан едім. Шын мәнінде солай болып шықты. Біз еліміз үшін күрделі болса да, жүйелі экономикалық реформаларды қолға алып, алдағы бес жылдық дамуымыздың берік негізін қаладық. Сол үшін көптеген маңызды жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Келешекте бұдан да ауқымды жұмыс жасалмақ».
Сұхбат барысында президент «ең бастысы, «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, әділдік қағидатын барынша орнықтыру қажет дей келе, заң үстемдігі – демократияның ең биік шыңы екенін жеткізді.
Азамат Бейбітұлы. Қазақстан ұлттық арнасы.