Шымкентте ауа сапасы орта деңгейде. Казгидромед осылай дейді. Айтуларынша мегаполисте ауа деңгейін автоматты бақылайтын үш бекет, қолдан сынама алуға мүмкіндік беретін төрт нысан жұмыс істейді. Мамандар аталған бекеттер көмегімен қоршаған ортаны күнделікті барлай алады. Біз жұтатын оттегі сапасы әлемдік нормаға сай ма? Оны нашарлатып, зиянды ететін факторлар қандай? Тілші зерттеп көрді.
НҰРСҰЛТАН ХАЙБУЛЛА, ТІЛШІ
Ауа сапасы дүниежүзілік индексі ұсынған зерттеулерге сүйенсек, Қазақстан ауа ластануы рейтингте 40 -шы орында тұр. Мамандардың айтуынша: ауа ластануы зауыт фабрикалар мен кәсіп орындардан бөлінетін қауіпті қалдықтар, сондай-ақ көліктерден шығатын зиянды түтіндер салдарынан орын алады.
Журанлист, қоғам белсендісі Перизат Нұрбаева қоршаған орта ауасы ластанып, жылдан жылға нашарлай түсуде деп дабыл қағады. Айтуынша, көлікті 5 минуттан аса қыздырғанға салынатын айыппұл жазасы орынды. Сөзінше, транспорттық көліктерден шығатын көк түтін жаяу жүргіншілерге айтарлықтай зиян. Түрлі ауруларға душар етеді.
ПЕРИЗАТ НҰРБАЕВА, ЖУРНАЛИСТ
– «Жасыратыны жоқ қазір Шымкентте ауа-райы бұзылып кеткен.» – «Өзім де көп балалы анамын. Балаларымның жиі-жіи бронхит, пневмания болып ауырып қалатыны бар. Осының бәрі ауаның ластануынан деп білемін.»
Казгидромед қызметкерлері ауа деңгейін күнделікті бақылап, нәтижесін ресми сайтқа жариялап отырады. Қолдан алынған сынама лабороторияға жеткізіліп, арнайы құрылғы көмегімен тексеріледі. Шымкенттіктер жұтып жүрген ауа қай деңгейде? Құрамында улы элементтер бар ма?
ЕРКЕМАЙ МАТЕКОВА, ИНЖЕНЕР-ХИМИК
– «Самал 3 ш/а мен Нұрсат ш/ауданындағы автоматты бекеттерімізде күкіртті сутегінің шекті нормадан асқандығы белгілі болды.» «Оның шығу себебі қалалық жүйелерде »
Шымкентте 1 санатты 38, 2 санатты 122 ал 3-ші санатты 500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осындағы қыз-қыз қайнаған процесс атмосфералық ауа сапасына да әсер етіп, ластануына сеп болады. Сондықтан тиісті департамент өкілдері ұдайы тексеріс жүргізіп, зауыт-факрикалардың талапқа сай жұмыс істеуін қадағалайды.
САБЫР БАЛЫБЕК, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «38 кәсіпорынға тексеріс жүргізілген 2024 жылы. 101 әкімшілік іс қозғалған. 284 млнт теңге айыппұл салынған. Оның 283 млн теңгесі мемлекетке берілген.» – «Сондай-ақ тексеріс барысында 7 кәсіпорыннан шикіліп бары байқалып, сот арқылы жұмысын тоқтатқызған болатынбыз.
Департамент мегополистегі 4 ірі кәсіпорынға автоматты монторинг жүйесін орнатқан. Соның арқасында мамандар мұнай өңдеу зауыты мен жылу электро станциясы, 2 цемент өнідру зауытындағы жағдайды онлайн бақылап, ауаға тарап жатқан улы заттар мөлшерін анықтай алады.
САБЫР БАЛЫБЕК, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Экология кодексінің заңына сәйкес атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттардың көлемі 500 тоннадан асатын болғандықтан осы 4 кәсіпорынды бақылап отырмыз. Алдағы уақытта оны онлайн бақылай алатын боламыз»
Аталған жүйе заңбұзушылықтардың алдын алып, болдырмауға мүмкіндік береді. Осылай деген жауаптылар, алдағы уақытта мониторингтің аталған түрін кеңінен қолдануға ниетті екендерін жеткізді.