Түркістан облысындағы «Дарбаза» оқу полигонында ауқымды шара өтті. 35748 әскери бөлімінің жеке құрамымен мамандық бойынша дайындық шеңберінде бақылау сабақтары ұйымдастырылды. Онда сардарлар мен сарбаздар ауыр жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын көрсететін нормативтерді тапсырды.
Дайындықтың негізгі элементтерінің бірі – бақылап атудың бірінші жаттығуын орындау. Бұл жаттығуда сарбаздар шектеулі уақытта әртүрлі қашықтықта орналасқан нысаналарды көздейді. Осы сәтте жылдам ату және позицияларды лезде ауыстыру дағдыларына да жаттығады. Тәжірибесі толысады. Атыс қаруын ұстау дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, ұрыс даласында да шеберліктерін шыңдайды.