Шымкент қаласының полиция департаменті алаяқтық сипатындағы қылмыстық істі тергеп-тексеру барысында коммерциялық ұйымның жауапты қызметкерлерінің өз міндеттерін адал атқармау фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 254-бабымен қылмыстық істі тіркеді.
Нақтырақ айтқанда, коммерциялық ұйымның қызметкерлері 2021 жылы 22 800 000 теңге көлеміндегі қаражатты жымқырған. Алайда, жалған жеке кәсіпкерлік пен заңды тұлғаларды тексеруге және олардың есепшоттарын бұғаттауға шаралар қабылданбаған. Шымкент қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада: «Бұл құқық бұзушылықтар қылмыстық топтың алаяқтық жоспарын жүзеге асыруына және жәбірленушілердің қаражаттарын иемденуіне жол берілген. Күдіктілер үйі жоқ адамдардың атынан жеке кәсіпкерлік ашып, сол арқылы алаяқтық жасаған. Қылмыстық іс қала прокуратурасының бақылауында» делінген.