Шоқыну рәсімі кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыз! Ертең, яғни 18-ші қаңтардан 19 –шы қаңтарға қараған түні Проваславтық христиандардың «Құдайға шоқыну» мерекесі өтеді. Діни ритуал барысында қауіпсіздік пен келеңсіздікті болдырмау үшін төтеншеліктер бақылау жүргізеді. Ал қала тұрғындарына сақтық шараларын барынша сақтауға көмектесіп, денсаулығына зақым келмейтін тәсілдерді Қанат Жолдасбек айтып береді.
Салқын суға беттемес бұрын денені әбден жылытып, дайындалған жөн. Суда ұзақ малтып, кідіруге болмайды. 30 секудтан артық салқын суда шомылу гипотермия ықтималдығын күшейтеді. Белгіленбеген орында шомылғандар көлемді айыппұл арқалайды. Рәсім күні төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істеп, кірпік қақпай қадағалайды.
ӘУЕСХАН СЕРІК, ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ
– «Посттар, 2 техника және 10 қызметкер жұмыс істейді. Казгидроменттің айтуында 18-19-на қараған түні ауа температурасы -5 градусты көрсетеді. Ал судың барлық кезеңінде судың температурасы бірдей.»
Аталған рәсімге акогольді ішімдік тұтынып баруға қатаң тыйым салынады. Осылай деген Шымкенттің бас епархиясы рәсім барысында бірқатар ережелерге назар аударып, сақ болу қажетін ескертеді. Суық суға түспес бұрын денсаулық жағдайына жіті мән беру – басты талап!
АЛЕКСАНДР МОГИЛЕВСКИЙ, ПРАВОСЛАВ ШІРКЕУІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
– «Фанатизмге берілмеу қажет! Егер денсаулығыңыз нашар, ауырып тұрған болсаңыз мұндай тәуекелге барудың қажетті жоқ!!»
Сондай-ақ Православтар басқа дін өкілдерін де кері итермейді. Рәсімге салауатты өмір салты ретінде қарап, суық суға түсу қағидаларын үйренгісі келетін азаматтарға тәжірибесі толысқан мамандар тиісті ережелерді түсіндіруге дайын.