Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу мәселесі қайта қаралуы мүмкін.
 Бұл заң нормасы қоғамда қызу талқылынып, көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр.  Әділет вице-министрі бұл талаптың қандай жағдайда қайта қаралатынын түсіндірді. Ботагөз Жақселекованың сөзінше, егер бұл мәселе депутаттар тарапынан көтерілсе, қайта қаралады. Кеше Мәжілісте көлікті 5 минуттан артық қыздыруға қатысты нормаға қарсы шығып, депутаттық сауал жолданған болатын. Ал Ішкі істер министрлігі бұл талаптың 20 жылдан бері бар екенін еске салған еді.