Шымкенттік оқушы тыңнан түрен салып, жаңалық ашты. 17 жастағы жеткіншек зағип жандарға арналған құрылғы жасап, қауіп-қатерден сақтайтын технология құрастырған. Ол ойлап тапқан құрылғы көзі көрмейтін жандарға нұсқаушы, таптырмайтын жолсерік. Аяққа таңылатын датчик алда кездесетін кедергіні 1 метр қашықтықтан байқап, дабыл қағады. Жас өнертапқыштың айтуынша әлі нарыққа шыға қоймаған құрылғы шетелдік баламаларынан әлдеқайда арзан, қолжетімді болады.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Міне, аталған құрылғыны тексеріп көру мақсатында аяғыма тақтым, мықтап матадым. Дәл қазір жол жиегінде тұрмын. Алды-артымда қаптаған көліктер. Соны меңзесе керек аяғымда құрылғы тыным таппай, шырылдап қоя берді. Міне алдымда кедергі арық-атыз тұр. Осыны байқап құрылғы белгі беріп, мұнан өтудің қауіпті екенін ескертіп тұр.
12 сынып оқушысы Өмірбек Рахат – өзі ойлап тапқан «Вижн асистент» құрылғысын патенттеп, авторлық құқық алып үлгерген. Зияткерлік мектеп оқушысы, аталған технология жылдар бойы төгілген тер, алынған білім жемісі, - дейді. Айтуынша, жас өренге қозғау беріп, шабыт сыйлаған – зағип жандарға деген мейірім. Рахаттың көздегені – көзі көрмейтін жандарға мүмкіндік сыйлап, ауырын жеңілдету.
ӨМІРБЕК РАХАТ, ОҚУШЫ
– «Осыдан бір жыл бұрын «Самсунг» компаниясынан қаржылай қолдау алдым. Сол арқылы құрылғымды дамытып келемін.» -«Осы құырлғының шетелдік баламалары болғанымен ол өте қымбат. Ал бұл құрылғы нарыққа шыққан жағдайда бағасы 5 мың теңгеден аспайтын болады.»
Рахат құрылғысын дәл осы 3Д принтерде басып шығарған. Күрделі процесс 11 сағатқа созылыпты. Айтуынша, «вижн асистент» өнертапқыншытың жетілдірілген 5-ші нұсқасы. Ол әзірленген әр нұсқаны зағип жандарға ұсынып, кем-кетігін жүйелі түрде дамытып отырады. Соңғы ұсынымда зағип жандар өнертапқышқа «дыбыстық жүйе» орнату қажетін өтінген. Қазір осы тетікті енгізу үстінде. Олқылықтар жойылған соң, авторлар құрылғыны нарыққа шығаруды көздейді.
БИБІГҮЛ КУШЕКОВА, ЖЕТЕКШІСІ
– «Алдағы уақытта осы жұмысқа кері байланыстан келіп түскен еді..» «Жөндеу арқылы қоғам қажетіне жарату үшін инвестор іздесек дейтін ниет бар.»
Ал 11 сынып оқушысы Ұлбосын Рахым – ғарыштағы жер серігін жөндейтін құрылғы ойлап тапқан. Ол жасаған технология кеңістікке шығып, ғарыш кемелеріндегі олқылықтарды түзейді. Жерден басқарылатын жүйе әлгілі ғалымдардың да қызығушылығын оятып, оң бағасын алған. Ұлбосын енді тың жобасын танымал «НАСА» компаниясына ұсынуды көздейді.
ҰЛБОСЫН РАХЫМ, ОҚУШЫ
– «Республикалық деңгейде жобамды қорғаған болатынмын. Сонда жобамды жүйелеу қажеті айтылған. Соны жүйелеп дамыту арқылы жобамды «Насаға» ұсынғым келеді.» «Және сол Байқоңызға тағылымдама жасауға идея айтылған еді.»
Ұлбосын қондырғысын жан-жақты жетілдіріп, «Байқоңыр» ұшу айлағында тағылымдамадан өткісі келеді. Қазір сол жолда талмай ізденіп, талаптанып жүр.