Қытайдан шыққан ауыру Шымкентке жеткен жоқ. Жұрт жағасын ұстатып, үрейін алған метапневмания вирусына шалдығу дерегі мегаполис тұрғындары арасында тіркелмеді. Жауапты сала мамандары аталған вирустан қорқып, байбалам салудың қажеті шамалы, аталған ауыру аса қауіпті емес, - дейді. Осылай деген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі баспасөз брифингін өткізіп, саладағы өзгерістер жайын баян етті.
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Жаңа вирусты covid 19-бен байланыстырып, дабыл қағуға болмайды. Екеуі екі бөлек ауру. Метапневмания қатардағы тұмау түрлерінің бірі. Аты жаңа болғанмен заты бұрыннан белгілі. Айгүл Тұрымбетова осылай дейді.
АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Ол бұрыннан белгілі. Жаңадан шыққан жоқ! Оның мутациялық белгілерін ғалымдар әлі дәлелдеген жоқ.» «Оның басқа вирустардан ерекшелігі жоқ!» -

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Денсаулық сақтау департаментінің айтуынша инфекциялық және паразиттік аурулардың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Десе де бірнеше аурулар өршіп, науқастардың саны айтарлықтай артқан. Атап айтсақ жіті ішек инфекциялары 36%-ға көбейген. Сондай-ақ көк жөтелдің 10 жағдайы, менингиттің 6 жағдайы тіркелген. Ал балалар арасындағы туберкулездің 7 дерегі белгілі болып отыр.

АЙГҮЛ ТҰРЫМБЕТОВА, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Созылмалы вирустар 11 пайызға, тері ауырулары 3,11 есеге, эхенекакоз 20 пайызға, тұмау 43 пайызға көбейген. Баллар арасында туберкулез төмен тіркелгенмен 7 жағдайға артып отыр.»
ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Дені жедел респираторлы вирустық инфекцияға қарсы вакцина алмағандар. Мектеп оқушылары арасында мұндай 6550 жағдай тіркелген, - дейді жауаптылар.