Елімізде 7300-ге жуық баланың көру қабілеті бұзылған. Осындай жеткіншектер үшін арнайы білім ошақтары болғанымен, жеткіліксіз. Енді оқу-ағарту министрлігі көзі нашар көретін балғындар үшін оқу кабинеттерінің санын арттыруды жоспарлап отыр. Жалпы баланың көзі неден нашарлайды. Жанарында ахауы бар балалар неліктен көбейіп барады? Мамандармен тілші тілдесті, бейнесюжеттен көрейік.
Көз жанары бұзылған балғындардың 1235-і балабақшада, 4752-сі мектепте және 478-і колледжде білім алып жатыр. Ал 800-ден аса бала мектеп жасына жетпеген. Бұл бағытта 13 арнайы балабақша және 17 арнайы мектеп қана жұмыс істейтін көрінеді.
Балалар арасында көз ауруы жиілеген. Офтальмолог мамандар оны баланың смартфон, планшет секілді құрылғыларды көп қолдануының салдары деп түсіндіреді. Еліміз бойынша 40 мыңдай бала миопия диагнозымен дәрігердің бақылауында тұр. Офтольмолог маманның алдына күніне 30-дан аса бала келеді.
Евгенияның 10 жасар баласы қазіргі таңда көзілдірік тағады. Себебі смартфонның салдарынан көруі нашарлаған. Бүгінде ол қызын дәрігердің қабылдауына жазып, көз жанарын тағы бір тексертті.
СПИКЕР: ЕВГЕНИЯ КИМ , ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Балаларым бұрын смартфонды жиі қолданатын. Қазір қолдарына планшет, телефон дегенді ұстатпаймын. Оның нәтижесін өзіңіз көріп тұсыз ғой. Смартфон көздің көруін нашарлатады дегенді мен қолдаймын. Одан балалар түгілі өзіміздің де көзіміз ауырады. Қазір балаға смартфонды мүлде бермеймін. Өйткені дәрігер оған тыйым салған.
Дәрігерлер соңғы кезде оптикалық жүйенің ақауы жиі кездесетінін айтады. Оның ішінде миопия  яғни, алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі өршіп тұр. Ол көп жағдайда жақын қашықтықта ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде пайда болатын көз ауруының түрі. Бұл күні бойы  телефон немесе теледидарға телмірген балада байқалатын жайт. Мұны дер кезінде емдетпесе  асқынып, көрудің нашарлауына алып келеді.
 АЛЕКСАНДР НОВИКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Соңғы уақытты ата-ананың офтальмолог дәрігерлерге келуі шынында жиіліп кетті. Оған баланың кішкентайынан нашар көруі себеп. Бұл бүкіл әләмді алаңдатып отырған мәселе. Бұрын балалар кітап отықып, теледидар қараса, қазір тек планшет, смартфонды қолдан тастамайды. Біздің мамандар күніне қырыққа жуық баланың көз жанарын тексереді.
 Мамандар адам көзінің толық қалыптасуы 18 жасқа дейін жалғасатынын айтады. Яғни қос жанардың күтімі тек балалық шақпен ғана шектелмейді. Сондықтан балаңыз кәмелетке толғанша оның көзіне ауыртпашылық түсіретін дүниелерді барынша азайтып, арнайы жаттығулар жасау қажет. Ең дұрысы – таза ауада көп серуендеу.