Қазақстанда миллионға жуық азамат несие алудан ерікті түрде бас тартып отыр. Деседе микроқаржы ұйымдарынан несие алатындар азаймай тұр.
 Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, елімізде микроқаржы ұйымдарынан кредит алатын азаматтардың үлесі 2024 жылғы қаңтар мен қазан айының аралығында 25 пайызға артқан. Ал қарыз сомасы 1 триллион теңгеден асқан екен. Айта кетейік, азаматтар несие алуға шектеуді eGov порталы арқылы қоя алады.