Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады. Астанада 16 жастағы екі студент ұсталып, біреуінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді.
Қарағанды облысында 9-10 сыныпта оқитын екі жасөспірім нашақорлыққа үндейтін Telegram-арнаның сілтемесі көрсетілген жапсырмаларды жапсырумен айналысқан. Былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар  61 кәмелетке толмаған анықталса, жыл бастала салып 6 жасөспірім ұсталды.