Апатты жағдайда алғашқы болып көмекке келетіндер ол құтқарушылар. ТЖ департаментінің бөлімшелері өткен  жылы 5237 шығу жасап, 493 адамды құтқарған. 5 млрд 220 миллион теңгеден астам сомма материалдық құндылықтарды сақтап қалған. Солардың қатарында біздің кейіпкеріміз де бар.

 Қауіпті қызметтің қыр-сырын меңгеріп,  талай апатты ауыздықтауға атсалысқан жанның бірі Ильяс Мейрбеков.  Оның бұл саладағы еңбек өтілі 28 жыл. Ширек ғасырдан астам уақыт жауапты қызметте тер төгіп жүр. Талай апатты көрсе де әр шақырылымға іштей толқып, дайындығын пысықтап барады екен.

ИЛЬЯС МЕЙРБЕКОВ,  ЖҚЖ  1 СЫНЫП  ҚҰТҚАРУШЫ  
Ең қиыны біз шұғыл шақырымдарға шыққан кезде адамды құтқару. Әртүрлі жағдайлар болады кейде жол көлік апаты кейде үй құлап адамдар үйіндінің астында қалып кетеді.

Ильяс жайлы әріптестерінің де пікірі оң. Мамандығында ғана емес маңында да  абыройы баршылық.  Кез келген жағдайда достарына қол ұшын созуға  дайын.

Өткен жылы мегаполисте ТЖ аймақтарынан 139 адам эвакуацияланып,  367 адамға медициналық көмек көрсетілген. Қала аумағында 401 төтенше жағдай тіркеліп,  онда 53 адам зардап шеккен. Өкінішке орай  15 адам апаттан қаза тапқан. Сонымен қатар ТЖ-ның 95 пайызы өрттермен байланысты. Тілсіз жаудың басым көпшілігі тұрғын үй секторында және автокөлікте болған екен.