2024 жылы 139 азамат адам құықғын қорғау жөніндегі уәкілдің көмегіне жүгінген. Басымының шағымы құқық қорғау қызметкерлері мен сот өкілдеріне қатысты. Қазігі таңда келіп түскен арыздың 60 пайызы шешімін тапқан. Әділет департаментінде адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы сараптамалық кеңес құрылған болатын. Оның 80 пайызы үкіметтік емес ұйым мүшелері.
Алмагүл Кенжетаева мүгедектігі бар 18-ден асқан жастарды оңалтатын мекеменің төрайымы. Ол бірінші топ мүгедектігін алалмай жүрген қарауындағы азаматтардың проблемасын адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың уәкілдері шешіп бергенін айтады. Ол орталықтың лицензиясы болмаған соң жұмыстың тоқтап тұрғанын сөз етті. Мәселесін уәкілдерге тапсырмақшы.
 АЛМАГҮЛ КЕНЖЕТАЕВА - «РАХМЕТ САҒАН, АНАШЫМ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
 Балалардың құқығы тағыда тапталып жатыр. Биылғы жылғы біздің проблемамыз лицензия алу. Ол енді бізге ғана келіп жатқан жоқ. Республиканың барлығында болып жатыр. Лицензирование болмаса сіздер аша алмайсыздар деген. Оған балалардың жағдайы солай қалыптасп өз бетімізден ашып алғандықтан уведомление дейді ғой рұқсат беру арқылы өткеннен кейін биылғы жылы сол қиындық туғызып жаты. Ендігі жағдай не болда. 4 жыл ішінде біздің балаларымыз бірнеше нәтижеге жетті?
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың сараптамалық кеңесі 2022 жылы құрылған. Үкіметтік емес ұйым мүшелерінен тұратын кеңес құрамында 12 адам бар. Уәкілдік өкілдері  былтыр құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 31 арыз қараған. Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу бойынша 23 шағым түскен.    
 НҰРЖАН ӘБДЕЗОВ - ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛІ
Сараптамалық кеңестің жұмысы өкілдің қызметін жүзеге асыруға көмектесу. Ал енді өкілдің өз қызметінде қандай да бір азаматтарда өзінің ойынша өзінің құқықтары бұзылса шағымдануға міндетті. Ол деген сөз мемлекеттік органдардың немесе лауазымды азаматтардың әрекеті. Немесе қандай да бір қабылдаған шешіммен келіспегендігі жөнінде арыз шағым келтіре алады Бұл бойынша заңға сәйкес қандай да бір органға арыз шағым келсе сол органға біз тиісті хаттама жолдаймыз. Тиісті запрос береміз ұсыныс беру арқылы біз арыз шағымды қанағаттандыруға бар жұмысты жасаймыз.
Түзету мекемелері мен денсаулық, білім басқармаларына қарасты арнайы интернаттардан келіп түскен арыздар негізінде 41 лауазымды азамат тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 4 адам әкімшілік құқық бұзған.