Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, өзі жүргізіп отырды. Жиында Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған шаруалар тыңдалды.  
 Сондай ақ террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі және кездесіп жатқан мәселелер, оны жоюға бағытталған ұсыныстар тыңдалды. 2024 жылдың қорытындысымен терроризмге қарсы комиссия қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы мәселелер қаралып, баяндамалар мен сын-пікірлер айтылды. Сала басшылары мен  аудан, қала әкімдеріне  тапсырмалар  берілді. Өңір  басшысы  Нұралхан Көшеров мәселенің маңыздылығына тоқталып, ұсыныстар мен пікірлер ескерілетінін  жеткізді. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.