«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100% тартылған. Былтыр 13 мектеп тапсырылды.
Ал биыл 16 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 12-сінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 60% орындалған. Қалған 4 мектеп ғимаратының негізгі қаңқалары көтеріліп, шатыр жабу, сыртқы, әрлеу, ішкі сылақ жұмыстары қалып отыр.