Наурыз мерекеге толы ай. Аста-төк ас, дәмнің сан алуан түрі самсап тұратын кез. Осыған байланысты мегаполистегі санитар дәрігерлер тамақтан уланудың алдын алу жұмыстарына кірісіп кетті. Үй жағдайында, мешіттерде және қоғамдық тамақтану орындарында тамақ дайындау  талаптарын түсіндіруде.

КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ,  ТІЛШІ:
Мерекеге толы наурызға  рамазан айы да тұспа-тұс келіп отыр.  Дәрігерлер күнделікті ауызашарға барғанда да тағамға абай болу қажеттігін ескертеді. Әсіресе консервіленген тағамдарды пайдаланғанда сақтық керек дейді мамандар.

 АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, САНИТАРИЯЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ
  Үй жағдайында қонақтардың қол жууына жағдайдың болуы. қонақтардың қол жууына жағдайдың болуын;тамақтану бөлмелерінің ауасын жиі алмастыруын;шикізат пен тамақ өнімдерін қауіпсіздігін куәландыратын тауардың ілеспе құжаттамасы бар орындардан сатып алынуын;үй жағдайында дайындалған консерві өнімдерін пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізуін;

КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ,  ТІЛШІ
Былтыр Шымкенттегі кафе, мейрамханаларда тамақтанамын деп, төрт адам уланған. Санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау  департаменті қоғамдық тамақтану орындарына негізсіз тексеру жүргізе алмайды. Мамандар тек талаптарды түсіндірумен ғана шектеледі.  

 АЛДАРҚҰЛ АХМЕТОВ, САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ  ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ
   Кіші кәсіпкерлік субьектілерін  қолдау мақсатында тексерулер жоқтың қасы. Егер арыз-шағымдар болып жатса дәлелдермен біз ондай жерлерге есепке алып тексеру жүргіземіз.

 Көктемнің алғашқы айы  демалыс  күндерге толы. Қонақ күту,  қыдыруға уақыт жетерлік. Сондықтан санитар дәрігерлер барынша сақ болуға шақырады.  «Ас – адамның арқауы». Десекте «ауру - астан» екенін де естен шығармаған жөн.