Көктем шығысымен шымкенттік шаруалар алқап жұмысына кірісіп кетеді. Олар жеңілдетілген бағада жанармай, тыңайтқышпен қамтылып отыр. Биылғы жоспар бойынша мегаполистегі 23 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек.

2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна. Өнімділікті арттыру мақсатында егін шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 863,3 млн теңге қаржы қаралған.  Оның ішінде  минералды тыңайтқыш құнын субсидиялауға – 75,0 млн теңге бөлініп отыр.
ЖӘНІБЕК ТОҒАЙ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Біз биылғы жылдың есебінен дәнді дақылымыз 7 мың гектарға бүгінгі таңда 5800 гектарын күздік бидайды шаруалар егіп қойды. Көктемде 1200 гектарға мал азығы арпа егіледі. 3300 гектарға майлы дақыл егіледі. 10900 гектарға мал азығы егіледі.