8 наурыз күні Қазақстандағы акушер-гинекологтар 760-тан аса босану процесін сәтті өткізді. Өмірге барлығы 769 нәресте келді.

Оның ішінде 366 қыз бала, 403 ұл бала. Сонымен қатар, 5 егіз туған күнін осы мерекеде атап өтеді. Жаңа туған шарананың ең көп саны – Түркістан облысында 126 сәби, одан кейін Алматы қаласы тұр. Оңтүстік астанада 76 бала туған. Шымкентте 71 нәресте, ал Астанада 65 бөбек дүниеге келді.