Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды. Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесе отырып радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты – деп хабарлайды Полиция кз.  
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықтаған. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздерді жариялап отырған. Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленген. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынған. Жасалған қылмыстық әрекеттердің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деп атап өтті полиция ведомствосы.