Ғабит Сыздықбеков халықпен көшпелі кездесуін бастады. Ашық аспан астындағы алғашқы жиын Тұран ауданында өтті. Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуде тұрғындар арыз-шағымын, өтініш-тілектерін білдірді. Қандай мәселелер көтерілді? Тақырыпты тілшіміз толықтырсын.
Әкім Тұран ауданы бойынша 5 мекенжайда кездесу ұйымдастырды. Ол алдымен Отырар шағын ауданы халқының мәселесін тыңдады. Электр желілерінің қауіп төндіріп тұрғанын да жеткізді.
Отырар шағынауданында жаңғырту бағдарламасы бойыша тұрғын үйлердің қасбеті ретке келтіріліп, шатыры ауыстырылғандары да бар. Алайда бұл бағдарламаға іліге алмай жүргендері де жетерлік екен. Олар ескірген үйлерін жаңартып беруді сұрап отыр.
Қалада жаңғыртуды қажет ететін көпқабатты үйлер көп. Мәселе кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтқан шаһар басшысы бұрынғы сала қызметкерлерінің салғырттығынан жұмыс біраз кідіріп қалғанын жасырмады.
Сонымен қатар шағынаудан тұрғындары қоқыс алаңшасы мен бейнебақылау камерасын орнатып беруді сұрады.
Перебивка: Фук:
Кезедсудің жалғасы Адырбеков көшесі 165-ші тұрғынүйдің алдында өтті. Мұндағы халықтың да қала әкіміне айтары болды.
ЖАНСАЯ ОСПАНҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бізде мусорка бар. Осы 6 домның барлығы сол жерге барады. Баяғыдан тұрған жерінде тұр. Қазіргі таңда сол жерде жанында кішкене участок бар. Сол бір адамдыкі екен. Арендный қылып алған екен 2007 жылы. Қазір сол кісі келіп осы жерге гараж соқпақшы. 3 гараж соғып СТО соғып жүргізбекші екен.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл жерге СТО салатын. И так загруженный жер ғой. СТО салдырмаймыз. Ештеңе істелінбейді. Арендный болса қайтарып аламыз оны. –Мусорканы сосын жылжытып жатыр да бұзып. –Бұрыннан үй салынғаннан бері тұрған жер ғой ол мусорка.
Сондай-ақ көпқабатты үй тұрғындары көлік қоятын орын тапшылығын алға тартты. Оған қоса балалар ойын алаңшасының аумағын кеңейтіп беруді сұрады.
Мынау гараждың алдына бір асфальт екі-үш машина кетеді. Сонда балалар футбол ойнайды. Сенбесеңіз қарап көріңіз. –Асфальт жоқпа сонда? –Жоқ. –Салып береміз. Биыл дворлардың ішін жөндейді сол кезде қосып кетеді. Екінші сұрақ мынау площадңканы сәл үлкен істеп берсе болады ма? –ҚАйсы мынау ма? – Оны созатын мүмкіндік бар ма?-Бар, гараж тұрған алып тастадық. –Жақсы , әкімдеріңіз келеді ауданның сол қарайды барлығын.
Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу барысында бұқараның мәселелерін мұқият тыңдап, шешу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ қала тұрғындарының өзекті мәселелерімен етене танысу барысы жалғасатынын жеткізді.
КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ ТҰРАН АУДАНЫНАН БАСТАЛДЫ
