Ішкі істер министрлігі ел аумағында "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Үш күн ішінде 30-дан астам қару жасырынған жер анықталып, 360 түрлі атыс қаруы, 12 граната және үш мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.
Сондай-ақ бұрын ұрланған жеті қару анықталып, оның төртеуі қаңтар оқиғасы кезінде қолды болғаны анықталған. Бұдан бөлек, бұрын жоғалған алты қару тәркіленіп, 14 қару ерікті түрде тапсырылды, - дейді ІІМ-нің ресми өкілі. Сөзінше, шара барысында атыс қаруын заңсыз сақтау және алып жүрудің 120 фактісі анықталып, 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ішкі істер министрлігі азаматтарға қаруды кез келген уақытта ерікті түрде тапсыру мүмкіндігі бар екенін және бұл үшін ешқандай құқықтық қауіп болмайтынын еске салады.