Еңбекші ауданында орналасқан теміржол өткелін жаңғырту үшін әкімдік сол маңдағы бірнеше жер учаскесін сүріп, құрылысқа қолайлы жағдай жасамақ. Жаңа өткел Тіленшин көшесіндегі ұзын-сонар кептелісті азайтып, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осылай деген жауаптылар өткел салуға қажетті аумақ тұрғындарының бірі ұсынылған өтемақымен келіссе, енді бірі оның аздығын айтып, келісім беруден бас тартқан, - дейді. Алмас Қамбаровтың сөзінше, осы бір тұрғынның қарсылығы биыл күзге дейін аяқталуы тиіс деп жоспарланған жобаны тұралатып тұр. Егер меншік иесі өз үйін мемлекет мұқтажына бермеген жағдайда, теміржол өткелін жаңғырту ісі келесі жылға қалдырылуы мүмкін.
Жол құрылысын жүргізу мақсатында әкімдік көше жиегінде орналасқан екі нысанды сүру үшін меншік иелерімен келіссөз жүргізген. Бірі ұсынысты қабылдап, әкімдік белгілеген баға негізінде үйін бұздыруға рұқсат етсе, тағы бірі ұсынылған өтемақы құнымен келіспеген. Жауаптылардың айтуынша ол әкімдік бағалауын азсынып, белгіленген соммадан үш есе көп қаражат талап еткен. Алмас Қамбаров үй иесінің бұл сұранымы тиісті нормаларға сай келмейтінін айтады.
 АЛМАС ҚАМБАРОВ, СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.У.А
 – «Бағлау есебінен үш есе көп қаражат талап етті. Алайда ол заң нормаларынан тыс талап. Ол талапты біз орындай алмаймыз. Меншік иісі бағалау есебімен танысса да танысқаны туралы, келісетінін не келіспейтінін айтып қол қоюдан бас тартты. Ол туралы арнайы акт түзілді. Мұндай жағдайда жер кодексінің 88 баына сәйкес іс сот тәртібімен шешілуге жатады.»
    
 Үй иесінен сұхбат алып, мән-жайды өз ауызынан естігіміз келген. Өзін меншік иесінің туысымын деп таныстырған азамат, үй қожайынының бүгін мұнда жоқтығын, болмайтынын жеткізді. Ал аталған үйге қарама қарсы бағыттағы нысан иесі: «әкімдік ұсынымын қабыл алғанын, бағалауға көңілі толатынын айтады. Сөзінше, оған ешкім қысым көрсетіп, қоқаң-лоққы жасамаған. Үйді мемлекет мұқтажына тапсыруға өзі риясыз келіскенін алға тартып, жаңа құрылыстың тұрғындар үшін пайдалы болатынын сөз етті.
ҚАЙНАРБЕК ШӘКІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
– «Бағлауы бар. Үкіметтің тағайындаған ақшасы бар. Соған келісіп отырмыз. – Сізге қысым көрсеткен жоқ па? – Қысым көрсету /Насилиле/ жоқ!» -  Мына жерде көліктер көп. Жолға көпір керек қой негізі.»

Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы, аталған іске қатысты сотқа талап-арыз берілетінін, даудың түйіні сонда тарқатылатынын айтты. Алмас Қамбаров егер өткел құрылысы басталмаған жағдайда көшеден күнделікті өтетін тұрғындар мен қонақтар келер жылға дейін тап осындай ұзын-сонар кептелісте тұруға мәжбүр болмақ, - дейді.