40 жылдан астам уақыт акушер болып жүр. Шымкентте орналасқан №1 облыстық перинаталдық орталықта ардагер кіндік-шеше бар. Нұржамал Джаулбаева 66 мыңнан аса нәрестенің өмірге келу сәтін көзбен көріп, аналарға көмектескен. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп, маңызды процестің бөлігіне айналуды жалғастырып келеді.

Нұржамал Джаулбаева 1984 жылдан бері перзентхананың қабылдау бөлімінде, жүкті әйелдер патологиясы, босанғаннан кейінгі бөлімшелерде, босану бөлімінде қызмет еткен. Өзінің қызы мен келіндерін де осы облыстық перинаталдық орталықта босандыратын көрінеді. Жұмыс барысында көп қиындық пен қызыққа тап болғанын айтады.

 НҰРЖАМАЛ ДЖАУЛБАЕВА, АКУШЕР  

Қызым қатты қиналған кезі. Әбсаттар Құралович деген врачымыз тудырған. Сол кезде ол кісіге қайта қайта келе берем, операция жасайықшы, обезболить етейікші деймін. Сөйтіп ол кісі «Нұржамал, сен керемет акушерка едің ғой, операцияға барамын деген әйелді де босандырып алушы едің, не болды дейді. Мүмкін өз қызым болғаннан кейін шығар дедім. Бірақ барлық әйелге бірдей қараймыз/

 Анар Есенбекова Келес ауданынан келген. 5-ші перзентін өмірге әкелді. Салмағы 4 келіден асатын сәбиін аман-есен босанып, медицина қызметкерлеріне алғысын жаудырып отыр. Бірер күнде қалыпқа келіп, үйіне жіберіледі.

АНАР ЕСЕНБЕКОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА    

Төртінші баламды да Нұржамал апай босандырған, қолы өте жеңіл, білікті маман. Сондықтан осы кісіге келдім. Рахмет Нұржамал апайға/

Акушерлер – жаңа өмірдің бастамасына тікелей себеп болатын маман. Жарты ғасырдан астам антына адал Нұржамал Джаулбаева бұл қызмет тек білімді емес, мейірім мен қажырды, төзімді қажет ететін сала – дейді. Әр жаңа туған нәрестенің жылауы ол үшін жағымды бір әуен, үйреншікті музыкаға айналған. Содан болар босанған әйелдердің палатасындағы аура сондай жылы әрі жайлы еді...