Шымкентте екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі екі ғана ардагер бар. Оның бірі Нина Масунова. 101-көктемін қарсы алып отыр. Ол Горкий қаласын азат ету шайқасына қатысып, әскери коммуникациялық қызметтерді атқарған. Соғыстан соң Қазақстанға қоныс аударып, тұрақтап қалған. 6698 әскери бөлімінің қызметкерлері ардагердің үйіне арнайы барып, бейбіт күнге қосқан үлесі үшін ризашылықтарын жеткізді.
17 жасында соғысқа аттанған ол жас жауынгерлердің даярлық мектебінен өтіп, редио телефонист болған. Кескілескен ұрыстың басынан соңына дейін қызмет атқарған ардагер тіпті майдан даласында бригада командирі лауазымын да иеленген. Бейбіт күнді ұзақ аңсап, зарыға қол жеткізген Нина әжей: «Ол күндер енді келмесеке кетті. Соғыс болмасын. Мен оны есіме де алғым келмейді» дейді.
НИНА МАСУНОВА, II ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС АРДАГЕРІ
«Маған көңіл бөліп, жағдайымды сұрай келдерің үшін көп рақмет. Бірақ, менен сұм соғыс жайлы сұрамаңдар. Мен оны ұмытқым келеді. Мамыражай бейбітшілік мәңгілікке созылып, ел-аман, жұрт тыныш болғай!»
Ардагерді ардақтап, хәлін бағып отырған немересі: «Нина Егорқызының жағдайы бір қалыпты. Қарттықтан болса керек, ауа-райындай құбылып тұрады. Қонақ келсе мәз-мейрам болып, қуанып қалады», - дейді.
ЛАРИСА АЛЕКСАНДРОВНА, НЕМЕРЕСІ
– «Жағдайы бір күн жақсы бір күн ауыр. Сіздер одан соғыс жайын сұрамаңыздар. Ал басқа тақырыптар жайлы сөйлескенді жақсы көреді. Қонақ келсе көңілденіп, ширай түседі.»
Ғасыр жасаған сарбаз хәлін сұрай келген жас буынға дән риза. Ол мұндай кездесу жеңіс күні не басқа да мереке қарсаңында ғана емес, жиі болып тұрса екен деген тілекте. Өйткені қарт сарбазға көпшілікпен сөйлескен, сұхбаттасқан ұнайды. Ардагерге алғыс айта келген 6698 әскери бөлімінің қызметкерлері қарт әжейге сый-сияпат беріп, көңілді диалог құрды.
НҰРЛАН САКИБЕКОВ, ПОДПОЛКОВНИК
– «Биыл ұлы отан соғысының 80 жылдығы. Осыған орай соғыста ерлік көрсеткен ардагерлерді жеңіс күнімен және Нина Егрорқызы 101 жасқа толған туған күнімен құттықтап отырмыз.» /
«Неменеге жетістің бала батыр, қариялар азайып бара жатыр». Мегаполисте зұлмат соғысты бастан өткеріп, онда ерлік үлгісін көрсеткен екі ардагер тұрады. Биыл оларға жергілікті бюджет есебінен 5 млн теңге сыйақы қарастырылған.