Шымкенттік «Ордабасы» алматылық «Қайратқа» 4-0 есебімен есе жіберіп, ойсырай ұтылды. Қос команда футболдан Қазақстан премерьлигасының 2 тур ойындары аясында кездесті. Құрамы жаңадан жасақталған «Ордабасы» осымен екінші ойын қатарынан жеңіске жете алмай, ел біріншілігін сәтсіз бастап отыр.  
Алматы қаласында өткен ойында «Қайраттың» аты оза шауып, бәсі жоғары болды. 4 доп есебімен айқын жеңіп, қарсыласты шаң қаптырды. Екі голды Грузиялық Георги Зария соғып дубьл авторы атанса, бір допты өткен жылдың үздік ойыншысы Жоао Пауло «Ордасбасы» қақпасына енгізді. Ал ойынның 74 минутында Сербиялық легионер Юг Станоев Дмитрий Челядник торуылдаған қақпадан саңылау тауып, матчтың нүктесін қойды. Ойын аяқталар тұста Ордабасы сапындағы Вячеслав Шверев қызыл қағаз алып, келесі ойынға қатысу құқығынан айырылды.
 Ойын аяқталғаннан соң өткен баспасөз мәслихатында «Ордабасының» бас бапкері Дмитрий Мартин футболшылардың ойдағыдай ойнағанын атап өтті. Ал аталған ойынға паралель өткен матчтарда Түркістанның «Тұран» командасы Ақтөбеде 2-1 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстандық футболшылардан жасақталған Қызылорданың Қайсар командасы Андрей Карпович баптайтын Семейдің  «Елімайынан» 2-0 есебін ұтылса, Көкшетаудың «Оқжетпесті» Атырауды командасынан 2-0 есебімен басым түсіп, қажетті 3 ұпайға қол жеткізді.
Ішкі біріншілік Наурыз айының соңына дейін Ұлттық құрамалар ойындарына байланысты үзіліс алады. Содан соң 3 тур ойындары аясында шымкенттік футболшылар Петропавлдық «Қызылжармен» Түркістан Арена стадионында кездеседі.