Наурыз - ең көп демалысы бар айлардың бірі. 2025 жылы да бұл айда қазақстандықтар бірнеше күн демалады.
Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады. Айта кетейік, наурызда қазақстандықтар жалпы 14 күн демалады.