Шетелдік университетте оқу қол жетпес арман емес. Қазір «Болашақ» бағдарламасымен ғана емес, өзге елдің оқу орындарының филиалына да еш қиындықсыз түсуге мүмкіндік бар. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті базасында сол филиал өкілдері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен келіп, көрме өткізді.
Ершайған Богданқызы «Зияткер» мектебінде 11-сыныпта оқиды. Қазір IELTS емтиханын тапсыруға әзірленіп жүр. Тиісті балды жинап, шетелге оқуға кетпек. Айтуынша, өзге дамыған елдерде студенттерге мүмкіндік мол. Білім алып, елге мықты маман боп оралуға болады.
\\ЕРШАЙҒАН БОГДАНҚЫЗЫ, ОҚУШЫ
Ең бірінші мықты білім. Қазақстанды 2030-2050 стратегиясы бойынша жастардың қолында демекші, елімізді дамытуға мүмкіндік бар. Жаңа технологиялар, жаңа белестер
Көрмеге әлемнің жетекші оқу орындарының өкілдері, оның ішінде Аризона, Ковентри, Херриот-Уотт, Гонконг, Анхальт, Пекин тіл және мәдениет университетінің Қазақстандағы филиал қызметкерлері қатысты. Өкілдер өздерінің оқу бағдарламалары, қабылдау талаптары және студенттік өмір туралы ақпарат берді.
АБДУРАХИМ БЕРДЫШЕВ, «ТАШКЕНТ ИРРИГАЦИЯ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ИНЖЕНЕРЛЕРІ ИНСТИТУТЫ» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Ашылған филиалымызда бізге математика, физикадан ЕНТ-дан 50 балл топтаса, сол бізде грант. Қазір 50-50 грант, барлығы 100 орнымыз бар. Су шаруашылығы, милерация мамандығына сіздерді шақырамыз//
Шетелдік оқу орындарының халықаралық деңгейдегі тәжірибесі назар аударуды қажет етеді. Сонымен қатар, студенттерге бірегей академиялық бағдарлама ұсынады.
АСҚАРБЕК ИМАНШИЕВ, HERRIOT-WATT UNIVERSITY ӨКІЛІ, ПРОФЕССОР
Балаларымыздың шетелге барып оқуға да мүмкіндіктері бар. Академиялық ұтқырлықпен барып жарты жыл оқып келуге болады. Сабақтың бәрі ағылшын тілінде өтеді. Студенттер бітірген соң 2 диплом алып шығады, британдық университеттің және Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің
Қатысушылар өздеріне қолайлы оқу бағдарламасын таңдап, болашақ мамандықтары мен кәсіби өсу жолдарын айқындауға мүмкіндік алды.
АЙДОС ЖҰМАНАЗАР, ПЕДАГОГ-ПРОФОРИЕНТОЛОГ
Мамандық таңдау өте маңызды. Ол магазиннен сушняк таңдау емес. Ұнамай қалса, біреуге бере салып, басқасын алатындай мүмкіндік жоқ. Мұны неге айтып жатырмын, бізде оңтсүтікте түлектер тек грант үшін мамандық таңдайды//
Мұндай көрмелер елдегі білім беру жүйесінің халықаралық стандартқа бейімделуіне, академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді – дейді сарапшылар. Алынған ақпарат талапкер таңдауын жеңілдетіп, оңтайландырары сөзсіз.