Көлік ұтып алды. Шымкенттік тұрғын арнайы ұтысқа тігілген су жаңа Chevrolet Monza (Шевроле монза) автокөлігінің иесі атанды. Оған мұндай бақ F-mart сауда желісі өткізген ұтыс ойынында бұйырды. Ұйымдастырушылар мұнымен тоқтамай, алдағы уақытта да тұтынушыларын қуантуды жалғастырмақ.

  F-mart ұйымдастырған үшінші ұтыс ойынында сыйлықтар молынан болды. Тауар алуға арналған бес 30 мың теңгелік  сертификат пен бес 50 мың теңге қаржылай жүлде үлестірілді. Сондай-ақ айфон 16 ұялы телефоны ұтысқа тігіліп, өз иесін тапты.
ШУМ: Айфон ұтысының иесінің қуанышы
 Жандарбек Хасанов та жүлделерден үміттеніп, бүгін жұбайымен Фиркансити орталығына тағы келген. Ол азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттарды әркез осы дүкеннен алатынын айтады. Осылайша, ұтысқа 13 купонмен қатысып отыр.  
Көптен күкен сәт. Ұтыс ойынын тамашалауға келген тұрғындар мен онлайн бақылап отырған қатысушылардың көңілінде бір үміт бар. Барлығы да негізгі жүлде - автокөліктің иесі атанғысы келеді. Дегенмен, F-mart ұсынған басты сыйлық 197 107 нөмірлі купонға шықты.
ШУМ: Илхамжан Утебаевты құттықтау
Сауда желісінің ұтыс ойыны үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы 5 желтоқсанда, екінші ойын 11 қаңтар күні, кейінгісі 5 ақпанда өтіп, жалпы елуге жуық отбасыны қуантты. Сапалы тауар мен үздік сервисті қажет етсеңіз, F-mart сауда желісіне асығыңыз! Себебі мұнда тауар алып қана қоймайсыз, масштабты ұтыс ойындары да жиі өткізіледі.