Мегаполисте 21 жасар ана үшем босанды. Бұл оның алғаш ана атануы. Нәрестелер қалалық №2 ауруханаға қарасты перзентханада дүниеге келген. Үшемдер мен анасын жақындары перзентханадан салтанатты түрде шығарып алды.

 21 жастағы келіншек Жамиля Ахилбектің бұл алғашқы жүктілігі. Жас ана төртінші апталығында сәбилердің үшем екенін білген. Оның айтуынша, егіздер жолдасының туыстарында болған. Бірақ бұл үшемдер жалпы әулеттегі алғашқы жағдай. Нәрестелердің салмағы 2770, 2410 және 2095 грамм болып туылған. Үшемдерге туыстары Әбілқайыр, Айлана және Әлтаир деп ат қойыпты.  

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестелердің қазіргі жағдайы тұрақты. Сәбилер дүниеге келгеннен кейін олар реанимация бөлімінде бірнеше күн жатып, қажетті ем алған. Кейін палатаға ауыстырылып, өздерін жақсы сезінуде. Қимыл-қозғалыстары белсенді,-дейді босану залының акушер- гинекологы Шолпан Тастанбекова.

Шымкент бала туу көрсеткіші бойынша алғашқы орындағы қала. Айта кетейік, жыл басынан бері мегаполисте  2500-ден аса сәби туылған. Оның 33-і егіздер.