ҚР Президенті Әкімшілігінің бастамасы, ІІМ-нің қолдауы аясында аға буын мен өскелең ұрпақ сабақтастығын нығайту үшін отставкадағы ардагер полковниктер жас буын өкілдерімен кездесті. Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен жиын облыс орталығындағы №28 мектеп-лицейі қабырғасында өтті.
«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі» атты кездесу кешіне батылдық пен өрліктің ерен үлгісін көрсетіп, абыроймен зейнетке шыққан полиция полковниктері қатысты. Іс-шара барысында мейірімділік, өзара түсіністік, қолдау, жастар арасындағы жанашырлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері көтерілді.
: Мектеп оқушылары аға буынға «Құқық қорғау органдарының негізгі міндеттері қандай, жастардың заңға бағыну мәдениетін қалай ұштауға болады?» сынды сан сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.
Кездесуде қылмыскерді құрықтау барысында шолақ мылтықтан ауыр жарақаттанып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Түркістан облысы ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев ғұмырынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақ елім,байтағым» тақырыбында ән шырқап, «Жас сақшы» сыныбының шәкірттері қонақтармен бірге патритоттық бейнероликтер тамашалады.
Келелі кездесу соңында мектеп басшылығы мен озат оқушылар зейнет жасындағы полицейлерге алғыс білдіріп, танымдық кештің берер пайдасы орасан болғанын жеткізді.