50 жастан асқан ерлер енді міндетті түрде екі жылда бір рет скринингтен өтуі тиіс. Ми қан айналымы бұзылу қаупін ерте анықтайтын тексеру түрі енгізілді. ЗКТ: Ресми дерекке сүйенсек, қан айналымы жүйесінің аурулары дүниежүзінде өлім-жітім бойынша бірінші орында тұр. Скринингтен өту аурудың алдын алады. Өйткені уақытылы емделмесе инсульт пен инфарктқа әкеледі, көру қабілетін жоюуы мүмкін.
ӘСЕЛ ҚЫДЫРАЛИЕВА – ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
скринингтің ерекшелігі: диспансерлық есепте жүрек ауруларымен, артериялық гипертензиямен, жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен тұратын адамдарға арналған. Себебі олар бірнеше жыл бойы бұл аурумен ауырғаннан кейін оларда тамырлардың бітелуі, ми қан тамырларының бұзылуына алып келуі мүмкін. Осының алдын алу мақсатында біз ультрадыбыстық доплерография әдісін енгізуді биыл қолға алдық.
Бұдан бөлек, биылдан бастап 18 жастан асқан әр азамат В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін скринингтен өтуі керек. Бұл тексеріс бауыр обыры мен церроз дертінің алдын алу үшін керек. ((ГРАФИКА-1 )) Айта кетейік, былтыр скринингтік бағдарлама арқылы 3,2 миллион азамат тексерістен өткен. Нәтижесінде 120 мыңнан астам адам дертін дер кезінде анықтады. ((ГРАФИКА-2)) Қазір елімізде ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер бар. Дәрігерлер, халықты медициналық тексерістен уақытылы өтуге шақырады.
МЕДИЦИНАЛЫҚ СКРИНИНГТІҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІ ЕНГІЗІЛДІ
