Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған Руслан Берденовтің қай салаларға жетекшілік ететін белгілі болды.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Әкімдіктің үлкен залында мәслихаттың кезекті 24-ші сессиясы өткен еді. Жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков депутаттарға жаңа орынбасары Руслан Берденовті таныстырды.  
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Бірінші кезекті өзімнің жаңа орынбасарыммен таныстыруды жөн көріп отырмын. Берденов Руслан Арысбекұлы, өздеріңіз білесіздер, жеке танымасаңыздар белгілі кісі. Жақсы жұмыс көрсетеді деп сенеміз, Халық игілігі үшін, қаламыздың игілігі үшін».
 Руслан Берденовтің қай салаларға жетекшілік ететіні де белгілі болды. Ол Құрылыс басқармасы, Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Сәулет, қала құрылысы басқармасы, Жер қатынастары басқармасы, Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде жазды. Руслан Берденов әкім орынбасары ретінде бұл салалардан бөлек қала дамуы үшін кәсіпкерлерге де қолдау көрсетуден қашпаймын дейді.
РУСЛАН БЕРДЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Білу керек жағдай, орынбасарлардың әркімнің өзіне бөлінген секторы, саласы бар. Қазіргі таңда мен ол кәсіпкерлікке жауапты емеспін. Бірақ жауапты болмасақ та біз әрбір мәселеге кірісеміз, қолымнан келгенше барынша қандай шетелдік инвестиция болсын, жаңа жобалар болсын, кәсіпкерлікті ынталандыратын жаңа жолдар болсын соның бәріне атсалысамыз. Біз барынша, бар күш жігерімізді осы мәселелерді шешуге атсалысамыз.
Руслан Арысбекұлы сонымен бірге журналистердің жалақысы туралы сұрағына да жауап берді.
 РУСЛАН БЕРДЕНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 6706: 03,17-03,30; 04,06
 Жалақы бойынша айтар болсам, шыны керек мен оның қанша екенін білмеймін. Және де популистік әңгіме айтқым жоқ, бірақ маған шын мәнінде жалақы қажет те емес.  Маған осы қызмет туралы ұсыныс түскенде көп ойланбай, бірден келістім. Дайын екенімді жеткіздім, мен өңір таңдамадым, негізі елінің дамуына үлес қосқысы келетін кез келген адам аймақ таңдамайды.  Ұлтының, халқының қамын ойлап жұмыс істейтін  азамат географиялық жағдайға қарамауы керек.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрт орынбасары бар. Олар Қуаныш Асылов, Айдын Кәрімов, Сәрсен Құранбек пен Руслан Берденов.