Жақыныңызға әдемі әрі қолжетімді бағада гүл іздесеңіз, «Астана» алаңына асығыңыз! Шымкентте гүлдер жәрмеңкесі басталды. Бұл - қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өтіп жатыр.
Мерекелік жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтарын сатып ала алады. Осылайша, көктемнің шырайын сезініп, жақындарын қуантады. Іс-шара барысында тұрғындарды көтеріңкі көңіл-күй, ерекше безендірілген жәрмеңке алаңы мен бастысы алуан түрлі гүлдер күтеді. Гүлдер жәрмеңкесі - жақындарыңыз бен сүйікті жандарыңызға әдемі гүл сыйлап, қуаныш пен жылулық сыйлауға керемет мүмкіндік. Жәрмеңке биыл Астана алаңында ұйымдастырылып жатыр. Іс-шара 7-8 наурызға дейін жалғасады.