Шуақты көктем мерекесі, халықаралық әйелдер мейрамына бір күн қалды. Бірнеше күннен бері әйелдерге сыйлық беру үрдісі басталып кетті. Бұл күн – аналарға, жарға, әпке-қарындас пен жолдас, әріптеске гүл сыйлау – әдемі дәстүр. Дегенмен, гүл таңдау, оны күту барысында негізгі мағынасына мән берген дұрыс - дейді сарапшылар.
Раушан – 8 наурызда ең көп сұранысқұа ие гүлдердің бірі. Оның түсіне қарай мағынасы да өзгереді: қызыл түс – махаббат пен құштарлық, ақ раушан тазалық пен пәктік, қызғылт түсі - нәзіктік пен сүйіспеншілік нышаны.
Лалагүл немесе лилия – нәзіктік пен сұлулық символы. Қызғалдақ – көктем мен қуаныштың белгісі. Хризантема – құрмет пен жылылықты білдірсе, орхидея – ерекше ықылас нышаны. Гүлді тек сыйлап қоймай, оны жылы сөздермен және шын жүректен шыққан тілекпен ұсыну маңызды.
Егер стандартты гүл шоқтарынан өзгеше нәрсе іздесеңіз, гүлден жасалған композициялар немесе сәнді қораптарға салынған гүлдер тамаша таңдау болмақ. 8 наурызда сыйлаққа гүл таңдағанда, оның түсі мен мәніне назар аударыңыз. Бастысы – сыйлық алатын адамның талғамы. Жүректен шыққан шынайы сезім әр кез бағалы сыйлық болмақ.