Шымкентте әскери арулар марапатталды. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мемлекеттік-құқықтық және жауынгерлік дайындықта ерекше көзге түскен нәзік жандыларға ілтипат көрсетілді.
Мерекелік кеш «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер
қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраевтың бейнеқұттықтауымен
басталды. Әскердегі қыз-келіншектер өз мамандығына адал болып қана қоймай, дәстүрлі құндылықтарды, адалдық пен патриоттық қасиеттерді бойына сіңірген. Мерекелік кеш концертпен жалғасып 35748 әскери
бөлімінің көркемөнерпаздар ұжымы қыз-келіншектердің сүйікті әндерін орындады.