Министрлік денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану стандарттарын қамтитын жаңартылған бұйрықты бекітті. Құжат тамақтануды ұйымдастыруды, режимді, рационның құрамын және өнімнің сапасына қойылатын талаптарды реттейді.

 Бұйрықта көрсеткішке сәйкес диеталар енгізу қарастырылған. Оны кезекші дәрігер тағайындайды және науқастың ауру тарихында жазылады. Сосын азық-түлік блогына жіберіледі. Төрт мезгіл, қажет болған жағдайда алты мезгілге дейін тамақтану режимі енгізілді. Тамақтың дайындалуын аға аспаз және диетолог қадағалайды. ГМО өнімдерін, механикалық бөлінген құс етін және құрамында коллаген бар шикізатты пайдалануға тыйым салынады. Санитарлық нормалар, тағамның сапасын бақылау және қызметкерлерді медициналық тексеру қатаң сақталады. Ал, білім берудеге стандарт мәзірлерді, тамақтану режимдері мен аутсорсинг, кейтеринг нормаларын  қамтиды. Бірақ балабақшалар үшін кейтерингке тыйым салынады. Тамақтану жоспарлары: стандартты мәзір немесе тағамдар таңдауы бар көп профильді: швед үстелі, түскі ас пакеттері. Тамақтану жиілігі балалардың болу ұзақтығына байланысты күніне бір реттен алты ретке дейін өзгереді. Медицина қызметкерлері тағамның сапасын, диета мен санитарлық нормалардың сақталуын қадағалайды. Өнімнің сапасы мен сақталуына ерекше назар аударылады. ГМО, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, таңбаланбаған немесе сақтау шарттары бұзылған өнімдерге тыйым салынады. Диетада 75 пайыз өсімдік тектес тағамдар, тұз бен қанттың шектеулі мөлшері, йодталған тұзды міндетті түрде қолдану бар. Ет тағамдарынан терісі жоқ жылқы еті, сиыр, тауық және күркетауық етіне рұқсат етіледі. Сусындар - газсыз су, сүт өнімдері, компоттар және жеміс шайлары болуы керек.