Көктемнің шұғылалы мерекесінің символы – гүлдер екені анық. Сондықтан да әрбір азамат жақынына гүл шоғын сыйлауға асық. Осы орайда Шымкентте гүлдер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Ару-аналар мерекесіне арналған жәрмеңке үш күн бойы өтеді. Астана алаңына арнайы барып, ондағы атмосфераны сезініп қайтып едім. Баға қалай сюжеттен көріңіз.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Жақыныңызға әдемі әрі қолжетімді бағада гүл іздесеңіз, «Астана» алаңына асығыңыз! Шымкентте гүлдер жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл - қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай өтіп жатыр.
Мерекелік жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары сан алуан гүлдер мен әсем безендірілген гүл шоқтарын сатып ала алады. Осылайша, көктемнің шырайын сезініп, жақындарын қуантады.
Іс-шара барысында тұрғындарды көтеріңкі көңіл-күй, ерекше безендірілген жәрмеңке алаңы мен бастысы алуан түрлі гүлдер күтіп тұр. Саудагерлердің айтуынша, әрбір гүл шоғын бар-ынта жігерімен дайындаған, бағасы да қала дүкендерінен арзанырақ көрінеді.
Алаңда кәсіпкерлер әрбір қала тұрғынын қуантуға асық. Ал ұйымдастырушылар болса, бұл гүл кәсібінің иелеріне қолдауымыз әрі заңсыз сауданың алдын алудағы әрекетіміз дейді.
Гүлдер жәрмеңкесі - жақындарыңыз бен сүйікті жандарыңызға әдемі гүл беріп, қуаныш пен жылулық сыйлауға керемет мүмкіндік.