Конкурдан қала біріншілігі өтті. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған сайысқа жасөспірім қыздар қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады.

Лазиза Иляева – конкурмен бір жылдан бері айналысады. Бұл оның алғашқы жарысы. Іштей толқып, қобалжу танытқан ару: «Кедергілерден қарғып өту сырттай оңай көрінгенмен, шын мәнінде бұл күрделі спорт», - дейді. Сөзінше оны алда Қазақстан біріншілігі күтіп тұр. Бүгінгі сын соның алғышарты.  

ЛАЗИЗА ИЛЯЕВА, СПОРТШЫ  
– «Мен бұл спортқа қызықтым, досым Айкен арқылы осы спортқа келдім.» - 00:21, 00:41 – «Бұл спортты сырттай көбі оңай деп ойлайды. Бірақ, бұл оңай емес.»/

 Қалалық сайыс ай сайынғы дәстүрге айналған байқау. Бұл спортшыларды ширатып, шеберлігін ұштайды. Осылай деген спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков конкурға қызығушылар қатары күннен күнге артып келетінін айтады.

 МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
– «Алдымызда ҚР чемпионаты бар. Соған дайындалып жатырмыз.»

Жарыста 20 ару бақ сынады. Қатарында үздік нәтиже көрсетіп, әлемдік додаларға даярлық жасап жүрген жасөспірімдер көп. Талапбек Қыпшақбаевтың сөзінше шымкенттік спортшылардың көрсеткіші жоғары. Әлем кубогында топ жарып, жүлделі орын еншілеген конкур шеберлері бар.

 Жарыстың әділ әрі ашық өтуі үшін ұйымдастырушылар бас төрешіні сырттан тағайындаған. Алматылық халықаралық спорт шебері жарысқа төрелік етіп қана қоймай, спортшылармен тәжірибе алмасады.

Сайыс спортшылардың шеберлігін шыңдайтын үлкен додалар алдындағы іріктеу. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталады. Ұйымдастырушылар бұл жасөспірімдер үшін тәжірибе толыстыратын зор мүмкіндік дейді.