Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім инфляцияның өсу тәуекелдерін азайту және ақша-кредит саясатының тиімділігін сақтау мақсатында қабылданды.
Ұлттық Банк ақпандағы инфляция қарқынының жеделдеуін және ішкі сұраныстың жоғарылауын негізгі факторлар ретінде атап өтті. Жылдық инфляция ақпанда 9,4%-ға дейін өсті. Инфляцияның барлық компоненттері бойынша бағаның өсуі байқалып, әсіресе қызметтер секторындағы қымбатшылық айтарлықтай үлес қосты. Сонымен қатар айлық базалық және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция фискалдық ынталандырудың күшеюі және тұтынушылық кредиттердің шамадан тыс өсуі аясында ішкі сұраныс тарапынан қысымның артқанын көрсетті. АҚШ долларының әлемдік индексі тұрақтанғанымен, сыртқы инфляциялық қысым сақталуда.