Әйелдердің ел экономикасына қосып отырған үлесі айтарлықтай. Қай саланы алып қарасақ та қыз-келіншектердің салған ізін көреміз. Әсіресе, сауда-саттық саласында еңбек етіп жүрген жанның көпшілігі әйелдер қауымы десек, қателеспейтін шығармыз. 8 наурыз мейрамы қарсаңында қаладағы Барыс базарының басшылығы кәсіпкер ару-аналарды құттықтады.
Қай істің де көзін табатын әйелдер қауымы оның ауыр-жеңіліне қарап жатпасы анық. Солардың бірі - Ұлтай Арыстанова. 20 жылдан астам уақыт сауда саласында еңбек етіп жүр. Құрметке бөлеген Барыс базарының басшылығына ризашылығын білдірді.
 Қызығынан гөрі қиындығы көп сауда саласында жүргендердің көпшілігі қыз-келіншектер. Отбасымен бірге бизнесті үйлестірген олар қоғамның дамуына да айтарлықтай үлестерін қосуда.
Әйел - әлемді құрушы адам. Оның әрбір жетістігінің артында ерекше күш пен мейірім, махаббат жатыр. Қандай тірлікті қолға алса да дөңгелетіп әкететін қыз-келіншектердің ісі көпке үлгі.