Шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков нәзік жанды аруларды «8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады. Көктемнің шуақты мерекесінде қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер мен қызметте еңбегі сіңген аналарға төсбелгі тақты. Жиын эстрада жұлдыздарының көнцерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ару-аналар мерекесін қала әкімі назардан тыс қалдырмады. Құттықтауға түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер шақыртылған. Мегаполис басшысы бірқатар әйелдерге еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алғыс хаттар мен мемлекеттік наградалар табыстады.
Адас Сайлауқызы 20 жылдан бері қалалық әкімдіктің техникалық қызметкері болып жұмыс істейді. Қала әкімі еңбегін ескеріп, 8 наурыз әйелдер мерекесінде «Ерең еңбегі үшін» төсбелгісін тақты.
АДАС ЖАРМЕТОВА, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕР
Мен әкімшілік аппаратта еден жуушы болып жұмыс істеймін 20 жылдан бері. Басшыларыма рахмет. Еткең еңбегім үшін медальімен марапаттап төсбелгі тағып жатыр. Бүгін барлық әйелдер қауымын 8 наурыз мерекелерімен құттықтаймын. Дендері сау болсын. Әйел халқы қашанда бақытты босын деп тілеймін
Мерекелік іс-шарада құқық қорғау саласында қызмет істейтін мамандар да марапатталды. Олардың қатарында Жаңыл Спанова да бар.
ЖАҢЫЛ СПАНОВА - ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ, ПОЛИЦИЯ КАПИТАНЫ
Мереке бір керемет күн болып тұр. Қала әкімінің атынан мараптталдым. Алғыс хатпен. Осы полиция саласында жұмыс жасап жатқаныма өкінбеймін. Ерлермен бірге қызмет етіп келе жатырмыз. Ерлермен бірдей қызмет болғанымен енді әйел азаматы болғандықтан бізге жеңілдіктерде қарастырылған. Оған қарамастын заң тәртіп барлығы бірдей жүреді.
Қала әкімі өз құттықтауында елімізде әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқанын атап өтті. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету - мемлекеттік саясаттың басым бағыттары болып табылатынын айтты.
ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қадірлі арулар әріптестер, қарындастар, апалар бейбіт заманда әрбіріміздің жүрегімізден орын алып өңірімізді нұрландырған әйелдер қауымы ең үлкен құрметке ие. Сондықтан әрқашан қайталап жүреміз. Шуғымен жолы мол көктемнің күніндей көңілдерініңзден қуаныш пен шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін, әрқашан бақытты болыңыздар. Отбасыларыңызға аманшылық тілеймін. Осылай жарық жақсы күндерде кездесуді жазсын. Мерекелеріңіз тағыда құтты болсын!
Мерекелік жиынға 300-ге қыз-келіншек қатысты. Түрлі салада іскерлігін көрсетіп жүрген арулардың төртеуі мемлекеттік нагардамен марапатталса, 12-не әкімнің арнайы алғыс хаты берілді. Айта кетейік, мерекелік кеште елге танымал эстрада жұлдыздары мен қаладағы опера және балет театрының әншілері аруларға ән шырқап, көтеріңкі-көңіл күй сыйлады.