Мәжіліс төрағасы нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтады. Төменгі палата құрамында бүгінде 18 депутат әйел жұмыс істейді. Ерлан Қошанов олардың ел игілігі үшін атқарған ерен еңбегі мен заң шығару ісіне қосқан үлесін атап өтті. 2 жыл бұрын жасақталған Мәжіліс құрамының жұмысына тоқталды. Азаматтардың талап-тілегі мен мұң-мұқтажын абыроймен атқарып келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, президент жарлығымен арнайы марапатқа ие болған әріптестерін құттықтады. Депутат Ажар Сағындықоваға «Құрмет» орденін табыстады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер қауымының бірқатар өкілін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөнінде арнайы жарлыққа қол қойды. Олардың қатарында біздің де әріптестеріміз бар. Жаңа ғана Айгүл Құспан Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алды. Тағы бір мәртебелі марапатты Президентіміз маған табыстауды тапсырды. + Бұл наградалар – Мемлекет басшысының Мәжілістегі арулардың бәріне берген жоғары бағасы деп білемін ))
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
